
Найроби, 2024 жылғы 12 наурыз – 2023 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте Кения президентімен кездесу қорытындысы бойынша ҚР Президенті берген тапсырмасын іске асыру аясында 2024 жылғы 6-8 наурызда ҚР Президентінің Халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Е.Қазыхан бастаған ҚР делегациясының Найроби (Кения) қаласына сапары өтті. Делегация құрамына «Атамекен» сыртқы сауда палатасының, «QazTrade» АҚ, «Kazakh Invest «ҰК» АҚ және «Құрық» портының басшылары кірді.
Сапар аясында Министрлер Кабинетінің Премьер-хатшысы - Кенияның сыртқы және диаспоралық істер министрі М.Мудавадимен, сондай-ақ Кенияның сауда және инвестициялар, көлік, ақпарат және туризм министрліктерінің бірінші басшыларымен кездесулер өткізілді.
Е.Қазыхан М.Мудавадиге ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Кения Президенті У.Рутоға арналған жолдауын табыс етті, онда Мемлекет басшысы Кения көшбасшысын Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
«Біз Африка елдерімен, әсіресе ҚР-дың Африкадағы алтыншы сауда серіктесі, сондай-ақ БҰҰ-ның халықаралық хабы болып табылатын Кениямен екіжақты және көпжақты ынтымақтастыққа үлкен мән береміз», - деп атап өтті Е.Қазыхан. Ол Африка мен Африка одағы елдерінің жаһандық мәселелерді шешудегі өсіп келе жатқан рөлін атап өтті. Тараптар өңірлер арасында жаңа сауда тізбектерін құру үшін Қазақстан мен Кенияның «Middle Powers» ретіндегі маңызды рөлін мойындай отырып, халықаралық аренада тығыз жұмыс істеуге келісті.
Кения тарапы Момбаса және Ламу порттарында жүктерді жеткізу мен өңдеудің логистикалық мүмкіндіктерімен, сондай-ақ Үкіметтің Кенияны Шығыс Африканың Логистикалық хабына, сондай-ақ Шығыс Африка қоғамдастығының 300 миллион нарығына шығатын африкалық Электрондық коммерция хабына айналдыру міндеттерін таныстыруды ұйымдастырды.
Өткізілген кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар сауда-инвестициялық, көліктік-логистикалық, ақпараттық-коммуникациялық, цифрлық, сондай-ақ туристік салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге терең қызығушылық танытты.
Photo credit: office of the PCS of Kenya
Photo credit: MFDA of Kenya