
Найроби, 2024 жылғы 28 ақпан – Президент Кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі Арнайы өкілі Зульфия Сүлейменова бастаған қазақстандық делегация БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі Ассамблеясының 6-сессиясына қатысуда.
Іс-шараға БҰҰ-ның 193 мүше мемлекеттен бес мыңға жуық делегат қатысуда, оның ішінде 60 делегация экология және қоршаған ортаны қорғау министрлері деңгейінде ұсынылған. Форумға халықаралық және өңірлік ұйымдардың, ҮЕҰ, бизнес топтардың, зерттеу орталықтарының басшылары, халықаралық сарапшылар және т.б. қатысады.
Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясы қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жаһандық шешімдер қабылдайтын негізгі халықаралық форум болып табылады. БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясының алтыншы сессиясы «климаттың өзгеруіне, биоәртүрліліктің жоғалуына және қоршаған ортаның ластануына қарсы тиімді, инклюзивті және тұрақты көпжақты іс-шаралар» тақырыбында өтуде.
Мемлекет басшысы жариялаған ШЫҰ «Экология жылы» аясында Қазақстанның бастамасымен ШЫҰ және ЮНЕП хатшылықтарымен бірлесе отырып, Ассамблея алаңында ШЫҰ-ЮНЕП «бір планета, бір болашақ: экологиялық тұрақтылық үшін күш-жігерді біріктіру» тақырыбында арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
Өз сөзінде З.Сүлейменова ШЫҰ-ға төрағалық ететін ел өкілі ретінде қатысушылардың назарын ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экологиялық сын-қатерлеріне ерекше назар аудару қажеттігіне аударды. Оның пікірінше, «климаттың өзгеруі адамзаттың басты міндеттерінің бірі және оның салдарымен күресу бүкіл әлемдік қоғамдастықтың міндеттемесі».
ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин ШЫҰ ЮНЕП-пен қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастыққа басымдық беретінін атап өтті. Ол ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың еліміздің осы ұйымға төрағалық етуі және ШЫҰ-ның ЮНЕП-пен әріптестік байланысын орнату шеңберінде 2024 жылды «ШЫҰ-дағы Экология жылы» деп жариялау туралы ұсынысын жоғары бағалады.
Ынтымақтастықты орнату мақсатында ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин және БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының атқарушы директоры Ингер Андерсен ШЫҰ мен ЮНЕП хатшылықтары арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Құжат биологиялық әртүрлілікті сақтау, табиғи апаттармен күресу, климаттың өзгеруіне бейімделу, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, қоршаған ортаның ластануын азайту, тұрақты дамуға жәрдемдесу және экологиялық туризмді ілгерілету мәселелерінде екі ұйым арасындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді.
Сонымен қатар, Найробидегі БҰҰ Ассамблеясының алаңында З.Сүлейменованың ЮНЕП, БҰҰ-Хабитат басшылығымен, БҰҰ Жаһандық шартымен, Франция, ҚХР делегациясымен бірқатар екіжақты кездесулері өтті. Кездесулер барысында тараптар өңірлік және жаһандық экологиялық күн тәртібіндегі түрлі мәселелер бойынша, оның ішінде Қазақстан ұсынған халықаралық бастамалар контекстінде ынтымақтастықты дамытуға келісті.
Атап айтқанда, ЮНЕП атқарушы директоры И. Андерсен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2026 жылы өңірлік Климаттық саммит өткізу туралы бастамасын қолдап, оның субстантивтік толтырылуына барынша жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді. ЮНЕП басшысы Қазақстанмен бірлескен жобаларды іске асыруда үлкен әлеуеттің бар екенін атап өтті, сондай-ақ БҰҰ-ның біздің өңірдегі қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының өкілдігін күшейтуге шақырды.
БҰҰ-ның халық саны жөніндегі бағдарламасының (БҰҰ-Хабитат) атқарушы директорының м.а. Михал Млынар Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандыруды жақтап, қала құрылысына байланысты бірқатар жобаларды атап өтті. Ол қазақстандық тарапқа ағымдағы жылы Бакуде өтетін Тараптар Конференциясы (СOP-29) барысында Министрлік кездесуге, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі жергілікті саммиттің (LCAS) жұмысына қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
БҰҰ Жаһандық шартының (UN Global Compact) атқарушы директоры Санда Оджиамбомен кездесуде тараптар БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарын ескере отырып, орнықты даму тұжырымдамасын қалыптастыруға және ұлттық деңгейде ілгерілетуге бизнесті тартудың маңыздылығын талқылады
БҰҰ Жаһандық шартының (UN Global Compact) атқарушы директоры Санда Оджиамбомен кездесуде тараптар БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарын ескере отырып, орнықты даму тұжырымдамасын қалыптастыруға және ұлттық деңгейде ілгерілетуге бизнесті тартудың маңыздылығын талқылады.
Қазақстан делегациясы Найробидегі Ассамблея жұмысына қатысуды жалғастыруда және форумның жоғары деңгейдегі сегментінде делегация басшысының сөз сөйлеуі жоспарлануда.