
Найроби, 25 ақпан 2024 жыл – БҰҰ-ның Найробидегі кеңсесінде 2024 жылғы 19-25 ақпан аралығында Найробиде өткен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі алтыншы Ассамблеясының (ЮНЕА-6) тұрақты өкілдерінің алтыншы комитетінің отырысына Қазақстанның Эфиопия мен Кениядағы Елшісі (қоса атқарушы), БҰҰ-ның Найробидегі Өкілдігі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов қатысты.
ҚР делегациясының жұмыстық құрамына Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде қоршаған ортаны қорғау, экология, биологиялық алуан түрлілікті қорғау және климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы алдағы ЮНЕА-6 құжаттары мен шешімдерін дайындау мәселелері талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша 18 қаулы жобасы, 3 шешім жобасы, сондай-ақ Ассамблеяның қорытынды мәлімдемесінің жобасы қаралды.
Тұрақты өкiлдер комитетiнiң негiзгi мiндетi алдағы Ассамблеяның барлық құжаттарының сараптамалық үйлестiрiлуiн пысықтау және оларды Ассамблеяға ұсыну үшiн бекiту болып табылады.
Сонымен қатар, Елші Б.Садықов БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (ЮНЕП) директоры және өңірлік өкілі Арнольд Крейльхубер, сондай-ақ Алматыдағы ЮНЕП-тің Орталық Азия бойынша кіші өңірлік кеңсесінің басшысы Айдай Құрмановамен екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЮНЕП арасындағы ынтымақтастық, Қазақстанның ШЫҰ-да және Халықаралық Аралды құтқару қорында (IFAS) төрағалық етуін ескере отырып, бірлескен іс-шаралар өткізу, сондай-ақ 2024 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында өтетін «Бір су» саммиті мәселелерін талқылады.
Ал, 2024 жылғы 26 ақпан - 1 наурызда Найробиде өтетін ЮНЕА-6 жұмысына Президенттің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменова бастаған Қазақстан делегациясы қатысады.