
Найроби, 22 ақпан 2024 жыл – Қазақстан Республикасының Эфиопия және Кениядағы (қоса атқарушы) Елшісі, Қазақстан Республикасының Африка Одағы және БҰҰ-ның Найробидегі өкілдігі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Кения Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Достастық департаментінің директоры Елші Роза Макена Мучири және Кения Сыртқы істер министрлігінің Протокол Басшысы Питер Мвендвамен кездесті.
Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Тараптар саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларына, жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы екіжақты сапарларға, екіжақты құқықтық базаны қалыптастыруға, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық келешегіне қатысты сұрақтарға ерекше назар аударды.
Тараптар 2023 жылғы 20 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында өткен кездесу барысында мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтардың іске асырылуына назар аударды. Нью-Йорктегі кездесу барысында Қазақстан Президенті Кенияға ынтымақтастықты нығайтудың әлеуетті мүмкіндіктерін зерделеу үшін сауда миссиясын жіберуді ұсынған болатын.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық танытатын мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.
Анықтама: 40 млн.АҚШ долларын құрайтын сауда айналымымен Кения Қазақстанның Африкадағы төртінші сауда серіктесі болып табылады және Африкаға шығыс «теңіз қақпасы» ретінде қызығушылық тудырады.
Сондай-ақ Кенияда Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта (UN UNEP) және халық істері жөніндегі басқармасы(UN-Habitat) орналасқан.