Қазақстан делегациясы Угандадағы Қосылмау қозғалысының 19-шы саммитіне қатысуда

Қазақстан делегациясы Угандадағы Қосылмау қозғалысының  19-шы саммитіне қатысуда

Кампала, 2024 жылғы 19 қаңтар – Қазақстанның Эфиопиядағы және Кениядағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Африка Одағы, сондай-ақ БҰҰ-ның Найробидегі бөлімшесінің жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Қосылмау қозғалысының (ҚҚ) мемлекет және үкімет басшыларының 19-шы саммитінің жұмысына қатысуда.

19-шы саммиттің тақырыбы аясында: «Ортақ жаһандық молшылық үшін ынтымақтастықты тереңдету» Қосылмау Қозғалысы ұйымына мүше 120 мемлекет (Африканың 53 мемлекеті, Азия және Тынық Мұхитының 39 мемлекеті, Латын Америкасы мен Кариб бассейнінің 26 мемлекеті, Еуропалық құрлықтан 2 мемлекет) саяси және әлеуметтік-экономикалық комитеттерде өзекті жаһандық проблемаларды бір апта ішінде талқылауда. Атқарылған жұмыстың нәтижелері бойынша саммиттің Қорытынды құжаты, Кампала декларациясы, сондай-ақ Палестина бойынша мәлімдеме сыртқы істер министрлері деңгейінде мақұлданды және мемлекет пен үкімет басшылары деңгейінде 2024 жылғы 20 қаңтарда қабылдау жоспарлануда.

Саммит құжаттары қарулы қақтығыстар, азық-түлік қауіпсіздігі, көші-қон, жұмыссыздық, пандемия, денсаулық мәселелері, климаттың өзгеруі, терроризм, тұрақты дамуды қаржыландыру проблемалары, қарыз ауыртпалығын қоса алғанда, қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге және әлемдік экономиканы реформалауға қатысты Қосылмау Қозғалысы ұйымына мүше мемлекеттердің ұжымдық ұстанымын көрсетеді. Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейінгі әлемдегі ең ірі халықаралық ұйымға келесі үш жылдық төрағалық ету Әзербайжаннан Угандаға өтті.

Саммитте сөз сөйлеген Елші Қазақстанның Қосылмау қозғалысының мақсаттары мен қағидаттары мен мүше елдердің БҰҰ Жарғысын, халықаралық құқықтың әмбебап қағидаттары мен нормаларын сақтауға және құрметтеуге шақыруымен толықтай ортақтасатынын атап өтті. «БҰҰ-ның халықаралық құқығы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мен қолдаудың таптырмас құралы болып қала береді. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген егемендікті, тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты және мемлекетаралық шекаралардың мызғымастығын құрметтеу қағидаттарын берік ұстанады» - деді Елші.

Елшінің айтуынша, қазіргі геосаяси турбуленттілік жағдайында Қосылмау Қозғалысы мен Middle powers мемлекеттер БҰҰ-мен бірге аймақтық қақтығыстар, терроризм, зорлық-зомбылық экстремизмі, киберқауіпсіздік, климаттың өзгеруі және т.б. дағдарыстарды еңсеруде маңызды рөл атқара алады.

ҚҚ күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – ядролық қарусыздану және таратпау мәселесі. Б.Садықов саммитке қатысушылардың назарына Қазақстанның Семей ядролық полигонын жабуы, ядролық арсеналдан бас тартуы, 2009 жылы Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру, Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың ратификациялануына назарын аударды. Қару-жарақ, сондай-ақ Қазақстанның ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдар мен аумақтарға көмек көрсету және қалпына келтіру үшін халықаралық мақсатты қор құруға ұмтылу ниетін жариялады.

АЭХА жұмысының барлық елдерге атом энергиясын бейбіт, қауіпсіз пайдаланудан және бейбіт мақсатта ядролық технологияларды беруден пайда алуына көмектесудегі жұмысының маңыздылығын ескере отырып, Елші Қазақстанның осы ұйымдағы мүше мемлекеттердің егемендік теңдігін қалпына келтіру жөніндегі ұсынысын қолдауға шақырды.

Халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Осы орайда, Б.Садықов еліміздің ҚҚ-ның бактериологиялық қаруды кез келген мақсатта қолдану мүмкіндігін болдырмау жөніндегі талаптарымен ынтымақтаса отырып, Биологиялық қару туралы конвенцияны іске асыру бойынша тиімді шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Сол себепті Елші Қосылмау Қозғалысына мүше мемлекеттерді биологиялық қауіпсіздік мәселелерінің кешенін шешу үшін күш-жігерді жаһандық үйлестіруді күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың осыған дейін ұсынған Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттігін (БҚХА) құруға шақырды.

ҚҚ ұйымына мүше елдердің аймақтық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге шақыруы мәнмәтінінде Елші Қазақстанның Азиядағы сенім шараларын нығайтуға және АӨСШК-ті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруға бағытталған реформаға ұмтылуы туралы баяндады. ШЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде Елші Қазақстан ұсынған қауіпсіздіктің жаңа парадигмасын, әділ экономикалық орта мен таза планетаны қолдауға бастама жасады. Сонымен қатар, Елші Алматыдағы БҰҰ орталығын БҰҰ-ның Орталық Азия және Ауғанстан елдері үшін Аймақтық хабына айналдыру туралы Қазақстан Республикасының ұсынысын қолдауға шақыра отырып, Астананың климаттың өзгеруі, тұрақты даму, азық-түлік және су қауіпсіздігі бойынша ұстанымын жеткізумен бірге, Қазақстанның дінаралық және мәдениетаралық диалогты ілгерілетуге бейілділігін растады.

Қазақстан Республикасы Президентінің БҚХА-ны құру туралы бастамасын талқылау мақсатында ҚҚ ұйымына мүше мемлекеттердің қатысуымен тақырыптық қосымша іс-шара ұйымдастырылып, Министрлер кабинетінің премьер-хатшысы – Кения Сыртқы істер министрі М.Мудавади, Руанданың Мемлекеттік сыртқы істер министрі К.Джеймс, Беларусь Сыртқы істер министрі С.Алейник, Өзбекстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Б.Алоев, Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары С.Вершинин, Панама Сыртқы істер вице-министрі В.Франко, Әзербайжан, Мысыр, Иран, Ирак, Индонезия, Пәкістан, Марокко, Сейшель Аралдары, Оңтүстік Африка Республикасы, Колумбия, Чили, Таиланд, Тунис, Того және Индонезия делегацияларының басшылары мен өкілдерімен екіжақты кездесулер өтті.

Саммит аясында Қазақстан Елшісінің Кения және Руанда делегацияларының басшыларымен кездесулері барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша практикалық шаралары, сондай-ақ Кения Президенті У.Руто мен Руанда Президенті П.Кагаменің Қазақстанға сапарларын ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланды.

Қазақстандық делегация Угандада 2024 жылғы 20 қаңтарда аяқталатын Қосылмау Қозғалысы ұйымына мүше мемлекеттердің 19-шы саммитіне қатысуын жалғастыруда.