
2023 жылғы 28 желтоқсан, Аддис-Абеба – Елшіліктің бастамасымен «KazakhInvest» ұлттық компаниясы» АҚ басшылығы, Астана қаласы әкімдігі, «Astana Invest» инвестициялық даму орталығының өкілдері, “Belayab Group of Companies” тобының президенті және бас директоры Хабтегиоргис Асчалу Белай және Адмасу Итагесумен онлайн-кездесу өтті.
Онлайн-кездесу барысында тараптар Қазақстанның тамақ өнеркәсібіне “Belayab Group of Companies” тобынан тікелей шетелдік инвестицияларын тарту мүмкіндігін талқылап, ынтымақтастық процесін жеделдетуге, Астана мен Алматыда кофе өндіру жөніндегі инвестициялық жобаның ағымдағы мәселелерін шешуге келісті.
Анықтама ретінде: “Belayab Group of Companies” – Эфиопиядағы ірі компаниялардың бірі, 9 компаниядан тұрады, маманданған саласы: қонақ үй бизнесі, автокөліктер дүкендері мен техникалық қолдау желісі, азық-түлік дүкендері, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, электр энергетикасы, логистикалық қызметтер, кофе экспорты және т.б.