
Аддис-Абеба, 2023 жылғы 27 желтоқсан – Қазақстан Үкіметі мен Африка одағының Комиссиясы Сомалидегі гуманитарлық жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты жалғастыруда.
Африка одағының Сомалидегі өтпелі миссиясының (ATMIS) мәліметі бойынша, Қазақстанның қолдауымен Миссия Хиршабелла, Джубаленд және елдің оңтүстік-батыс федералды Штаттарындағы халықты таза сумен қамтамасыз ету жобаларын жүзеге асыруда.
ATMIS сайтында берілген ақпаратқа сәйкес, су қоймалары бар күн энергиясымен жұмыс істейтін үш таяз ұңғыманың құрылысы жоспарлануда. Жобаларды Африка одағының комиссиясы Сомали федералды Үкіметімен тығыз ынтымақтастықта әзірледі. Осы жобалар ең алдымен 2024 жылдың соңына дейін ATMIS әскерлерінің Сомалиден шығарылуына байланысты осы елдің Ұлттық қауіпсіздік күштерінің әлеуетін нығайту жөніндегі Африка одағының міндеттемелері шеңберінде жергілікті биліктің қажеттіліктерін шешуге және олардың еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған.
Анықтама: 2018 жылғы қаңтарда Қазақстан мен Африка одағының комиссиясы Сомалиге гуманитарлық көмек көрсету және елдің оңтүстік-батысындағы халықты таза сумен қамтамасыз ету жөніндегі жобаларды іске асыру туралы келісімге қол қойды.
2013 жылғы қарашадан бастап Қазақстан 1,4 млрд-тан астам халқы бар континенттің 55 мемлекетін біріктіретін АО жанындағы бақылаушы мемлекет болып табылады.