Елшінің Панафрика Парламенті төрағасының міндетін атқарушымен кездесуі

Елшінің Панафрика Парламенті төрағасының міндетін атқарушымен кездесуі

Аддис-Абеба, 2023 жылғы 22 желтоқсан - Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Панафрика Парламенті төрағасының міндетін атқарушы доктор Ашебиро Гайомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Панафрика Парламентінің Қазақстанмен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалары туралы хабардар етті.

Кездесу жылы және достық көңіл-күйде өтті.