
15 желтоқсан, 2023 жыл, Аддис-Абеба. – Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшісі Барлыбай Садықов “Ethiopian Airlines” компаниясының Аддис-Абебадағы бас кеңсесінде компанияның бас директоры болып табылатын Месфин Тасо мырзамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасына жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың перспективалары және авиация саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды талқылады.
Анықтама ретінде: “Ethiopian Airlines” компаниясы 1946 жылы желтоқсанда құрылған. Бүгінгі таңда компания авиациялық технологиялар, персоналды дайындау және авиациялық қызметтерді көрсету саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Компания әлемнің 135 қаласына әуе рейстерін орындайды. Эфиопия жүктерді жеткізу қызметтері бойынша әлемде 7-ші орында.