
14 қараша 2023 жыл, Аддис-Абеба қ. - Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшісі Барлыбай Садықов «KH Engineering» құрылыс компаниясының басшысы Кибром Хайлу Таферемен кездесті.
Кездесу барысында тараптар құрылыс саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша құрылыс, құрылыс материалдары, темір және темірден жасалған бұйымдарды импорттау саласында Қазақстан мен Эфиопия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға келісті.