Қазақстан мен Эфиопия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық белсенді дамуда

Қазақстан мен Эфиопия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық белсенді дамуда

13 қараша 2023 жыл, Аддис-Абеба қ. - Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшісі Барлыбай Садықов Эфиопияның жетекші құрылыс корпорацияларының бірі болып табылатын «Gift Corporate» президенті Сима Гебреесус Игатамен кездесті. Корпорация «Gift Trading», «Gift Real Estate», «Gift Steel Manufacturing», «Gift Property Management», «Gift Construction» және «Gift Construction» компанияларынан тұрады.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері және 2024 жылғы маусымда Астана Халықаралық Форумы аясында Қазақстанға іскери мақсатпен сапар жасау мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Эфиопия арасындағы құрылыс саласы, құрылыс материалдары, темір және темір бұйымдарын импорттау, Эфиопияның “арабика” сорты кофесін Қазақстанға экспорттау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға келісті, ал компания Президенті Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің бизнес-қоғамдастығымен ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2024 жылғы маусымда өтетін Астана Халықаралық Форумына қатысуға мүдделілігін растады.