Эфиопия Қазақстанмен әріптестікті нығайтуға мүдделі - Доктор М. Тешоме, Эфиопияның бұрынғы президенті

Эфиопия Қазақстанмен әріптестікті нығайтуға мүдделі - Доктор М. Тешоме, Эфиопияның бұрынғы президенті

Аддис-Абеба, 2023 жылғы 20 қазан – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі Республика күнін мерекелеуге орай салтанатты қабылдау ұйымдастырды.

Іс-шараға Эфиопия СІМ, Парламенті мен мемлекеттік органдарының жоғары өкілдері, шет мемлекеттердің елшілері, талдау орталықтарының, БАҚ сарапшылары және Қазақстанның достар клубының мүшелері қатысты.

Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов қонақтарды қазақ мемлекеттілігінің тарихымен, тәуелсіз Қазақстанның құрылысы үшін Егемендік туралы декларацияның маңыздылығымен, сыртқы саясат саласындағы заманауи жетістіктермен, сондай-ақ әділ мемлекетті құру жолындағы Президент Қ.Тоқаевтың реформаларымен таныстырды.

Құрметті қонақ ретінде Эфиопияның бұрынғы Президенті, Эфиопиядағы Инвестициялар және нетворкинг орталығының басқарма Төрағасы Доктор Мулату Тешоме құттықтау сөз сөйледі. Ол барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, Эфиопия Үкіметінің елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту ниетін атап өтті.

«Эфиопия және өз атымнан Қазақстан халқы мен үкіметіне шын жүректен құттықтауымды және ізгі тілектерімді білдіргім келеді.

Тәуелсіздік жарияланғаннан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан өзінің бай тарихын, мәдениетін, мызғымас рухын сақтап, сондай-ақ қарқынды дамып келе жатқан әртараптандырылған экономиканы құра алды. Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін, Қазақстанның еңсерген проблемаларын және елдің болашаққа қоятын ұмтылыстарын атап өту уақыты келді.

Эфиопия экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, саяси диалогты ілгерілету және мәдени байланыстарды дамыту мақсатында Қазақстанмен әріптестікті нығайтуға мүдделі», - деді Др. М.Тешоме.