
17 қазан 2023 жыл, Аддис-Абеба. - Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшісі Барлыбай Садықов “Ashkim, Import and Export PLC” компаниясының иесі Ханан Миллион ханыммен кездесті. Компания «Иргачеф» сортының эфиопиялық премиум-кофесін экспорттайды.
Кездесу барысында көлік-логистика және Қазақстанға жасыл кофені экспорттау мүмкіндігі, Эфиопиядан келген бизнесмендер үшін кофе өндіру, қайта өңдеу мен кофені буып-түю бойынша бірлескен кәсіпорын құру кезінде ұсынылатын жеңілдіктер мен преференциялар туралы түсіндірілді, сондай-ақ ү.ж. қараша айында Астанада өтетін инвестициялық форумға қатысу ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кофе экспортына, Қазақстанның кофе нарығын зерттеуге және Қазақстан Республикасының ірі қалаларында эфиопиялық кофеханалар желісін ашуға қатысты ынтымақтастықты одан әрі жандандыруды келісті.