
13 қазан 2023 жыл, Аддис-Абеба. - Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшісі Барлыбай Садықов 2023 жылдың 22-23 қыркүйекте Тараз қаласында өткен Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының өңіраралық форумына қатысқан “Wework Trading PLC” компаниясының негізін қалаушы және иесі Дэвид Кебедемен кездесті. Іскерлік кездесу Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен одан әрі ынтымақтасу мәселелеріне арналды.
Кездесу барысында көлік-логистика мәселелері және Қазақстанда кофе өңдеу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру туралы келісімге қол қою мүмкіндігі егжей-тегжейлі талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Эфиопияның химия және мұнай химиясы, тыңайтқыштар мен құрылыс материалдары саласындағы ынтымақтастығын одан әрі жандандыруға келісті.