«Бір белдеу, бір жол» (BRI)

«Бір белдеу, бір жол» (BRI)

2023 жылғы 8 қыркүйек, Аддис-Абеба - Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Африка Одағындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Африка Одағының басшылығы мен Қытай Халық Республикасының Африка Одағындағы Өкілдігінің қатысуымен «Белдеу және жол» бастамасының (BRI) 10 жылдығына арналған жоғары деңгейдегі семинарға қатысты.

Қытайдың Африка Одағы жанындағы Өкілдігінің басшысы Ху Чанчунь семинарды аша отырып, соңғы он жылдықта BRI Қытай-Африка ынтымақтастығының жаңа бағытын ашқанын және жаңа дәуірде ортақ болашағы бар қауымдастық құру үлгісін құрғанын хабарлады.

Африка Одағының Экономикалық даму, сауда, туризм, өнеркәсіп және пайдалы қазбалар жөніндегі комиссары Альберт Мучанга мырза  BRI халықаралық даму саласындағы ынтымақтастықтың маңызды бағдарламасы болып табылатынын атап өтті. «Осы қолдаудың арқасында біз «Африкада жасалған» стандартын әзірлеудеміз, ол ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеудің жоғары стандарттарына, сондай-ақ Африка құрлықтық еркін сауда аймағындағы саудадағы техникалық кедергілерді жоюға айтарлықтай үлес қосады», - деп атап өтті ол.

Африка Одағы мен Қытайдың Африка Одағы жанындағы өкілдігі өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу бастамасы аясында ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге міндеттенді.

Қазақстан үшін «Бір белдеу, бір жол» бастамасын Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ұсынғаны және алғаш рет 2013 жылғы қыркүйекте Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында Астанада сөйлеген сөзінде айтылғаны үлкен мәнге ие. Қытай Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Елдер арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 24 млрд АҚШ долларынан асты. Транзиттік әлеуетті нығайту Қазақстан үшін басым бағыт болып табылады, өйткені Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы маңызды құрлық дәлізі және жаһандық маңызы бар транзиттік-көліктік хаб болып табылады.

 

Анықтама үшін: «Бір белдеу, бір жол» (BRI) – Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасы, оның аясында Қытай 150-ден астам мемлекет және 30-дан астам халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды. Ынтымақтастықтың 3 мыңнан астам жобасы құрылып, 1 триллион долларға жуық инвестиция жұмылдырылды.