Қазақстан Президентінің Жолдауы Эфиопия Сыртқы істер министрлігінде талқыланды

Қазақстан Президентінің Жолдауы Эфиопия Сыртқы істер министрлігінде талқыланды

Аддис-Абеба, 2023 жылғы 6 қыркүйек – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Эфиопия СІМ Орта Шығыс, Азия және Океания істері жөніндегі Бас директоры Гебееху Гангамен кездесу өткізді.

Қазақстан Елшісі Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауының негізгі ережелері туралы және әділетті Қазақстанды құру шеңберінде Үкіметтің 2029 жылға дейінгі экономикалық басымдықтары туралы хабардар етті.

Бұдан басқа, тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.