
Аддис-Абеба, 2023 жылғы 24 тамыз – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі эфиопиялық БАҚ өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырған семинарда Қазақстандағы демократиялық өзгерістер жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша Конституцияға енгізілген түзетулерді іске асыру ретінде қаралды.
Конституция күніне орайластырылған іс-шара барысында Қазақстанның Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов өзінің барлық азаматтарының әл-ауқатының өсуі үшін тең құқықтар мен әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз ететін әділетті және халық үніне құлақ асатын мемлекет, Жаңа Қазақстан құруға бағытталған демократиялық дамудың қазақстандық жолы туралы айтып берді.
Ол өткен жылғы маусымдағы жалпыұлттық референдумда ел халқы қабылдаған Қазақстан Конституциясына өзгерістерді еске салып, саяси басшылықтың сыбайлас жемқорлықты жою, қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларын жетілдіру, орта таптың өсуін қамтамасыз ету және шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі одан әрі реформаларға бейілділігін атап өтті.
Бұл ретте, Елші Қазақстанның қоғамдағы саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты және ел халқының бірлігін сақтау мақсатында демократиялық өзгерістердегі транспарентті және инклюзивті көзқарасқа ерекше назар беріліп отыр деді.
Б.Садықов журналистерге Қазақстан және қазақстандық-эфиопиялық екіжақты қарым-қатынастар туралы қызықты жарияланымдары үшін алғысын білдірді және Эфиопиялық ақпарат агенттігінің редакторы Госайе Натеуиді Қазақстан СІМ ұйымдастырған «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» халықаралық байқауындағы жеңісімен құттықтады.
Семинар аясында Эфиопия БАҚ журналистеріне Мағжан Жұмабаев, Темірбек Жүргенов, Халел Досмұхамедов және т.б. Алаш Орда партиясы мен Үкіметінің ұлы қайраткерлерінің Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасуына және заманауи қазақ мемлекеттілігіне қосқан үлесіне арналған фотокөрме ұсынылды. Эфиопия журналистері ХХ ғасырдың басында Алаш саяси либералды-демократиялық қозғалысының қызметімен, Алаш-Орда үкіметін құру мақсаттарымен және олар насихаттаған жалпыхалықтық демократиялық құндылықтармен танысты.
Р.Әбдірашевтің «Алмас қылыш» фильмінің көрсетілімі іс-шара бағдарламаның мәдени бөлігін толықтырды. Фильм журналистердің жоғары пікірлерін тапты және қазақ мемлекеттілігінің пайда болу тарихына үлкен қызығушылық тудырды.