Эфиопияда Қазақстан-Угандалық қатынастары талқыланды

Эфиопияда Қазақстан-Угандалық қатынастары талқыланды

Аддис-Абеба, 2023 жылғы 18 тамыз – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Уганда Республикасының Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Ребекка Амуге Отенго ханыммен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ жоспарланған іс-шараларды талқылады.

Саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың сындарлы және өзара тиімді сипаты атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді.