
Аддис-Абеба қ. 2023 ж. 24 шілде – ҚР Эфиопиядағы Елшілігінің екінші хатшысы Б.Адуов Африка одағы комиссиясының Бейбітшілік және Қауіпсіздік Кеңесінің бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялар бөлімінің брифингіне қатысты.
Аталған іс-шара аясында Африка одағының сарапшылары Африка континентіндегі бейбітшілікті сақтау жөніндегі АО комиссиясының ағымдағы операциялары туралы айтты. Атап айтқанда, брифингке қатысушылар Конго Демократиялық Республикасында, Суданда, Сомалиде, Эфиопияда бейбітшілікті қамтамасыз етудегі АО-ның әрекеттерімен таныстырылды.
Сондай-ақ, АС сарапшылары БҰҰ-мен, аймақтық Африка ұйымдарымен, халықаралық институттармен ынтымақтастық туралы хабардар етті.