Қазақстан Елшілігі «Жасыл мұра» бастамасы аясында ағаш отырғызуға қатысты

Қазақстан Елшілігі «Жасыл мұра» бастамасы аясында ағаш отырғызуға қатысты

Аддис-Абеба, 2023 жылғы 17 шілде – Қазақстан Елшілігі бір күнде 500 млн. ағаш көшеттерін отырғызу бойынша «Болашағымызды бүгін отырғызайық» атты экологиялық акциясына қатысты.

Іс-шараны Аддис-Абеба қаласының мэриясы ұйымдастырды және Эфиопия Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Д.Меконненнің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларының қатысуымен өтті.

Шетелдік елшіліктерге ағаш отырғызу үшін ұйымдардың атауы бар учаскелер бөлінді, осымен басқа елдер жалғастыра алатын «Жасыл мұра» Эфиопияның бастамасының жаһандық сипаты көрсетілді.

Мәселен, 2020 жылы Қазақстанда 2025 жылға дейін 2 млрд. ағаш отырғызу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы басталды.

Эфиопияның «Жасыл мұра» бастамасын жүзеге асырудың бірінші кезеңі аясында 25 миллиард ағаш отырғызылды. Енді екінші кезеңнің қорытындысы бойынша тағы 25 млрд. көшет отырғызу жоспарлануда.

Қазақстан Елшілігі Эфиопия Үкіметіне осы экологиялық акцияға қатысу мүмкіндігі үшін алғыс білдіреді.