Эфиопия СІМ департаменті Бас директорының орынбасарымен кездесу

Эфиопия СІМ департаменті Бас директорының орынбасарымен кездесу

Аддис-Абеба, 2023 жылғы 14 шілде – Қазақстан Елшілігі Эфиопия Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс, Азия және Тынық мұхиты елдері департаменті Бас директорының орынбасары Н.К.Кассаумен кездесу өткізді.

Саяси, экономикалық және консулдық салалардағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.