Қазақстан Елшілігі Аддис-Абебадағы UNEP өкілдігінің Брифингісіне қатысты

Аддис-Абеба, 2023 жылғы 14 шілде – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі ағымдағы жылдың 14-18 тамызында Аддис-Абебада өтетін қоршаған орта жөніндегі Африка министрлік конференциясының (АМСEN) алдағы
19-сессиясына қатысты брифингке қатысты.
Іс-шара онлайн форматта өтті. Брифингке UNEP-ке мүше мемлекеттердің, оның ішінде Африка елдерінің тұрақты өкілдері, Аддис-Абебада аккредиттелген елшіліктер, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Брифингті Аддис-Абебадағы UNEP кеңсесі ұйымдастырды.
Брифинг барысында ұйымдастырушылар қатысушыларды алдағы AMCEN 19-сессиясының күн тәртібі мен бағдарламасы туралы хабардар етті.