
2023 жылғы 5 шілде, Аддис-Абеба – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР-дың Африка Одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Африка Одағы жанындағы Эфиопияның Тұрақты Өкілі Елші Айеле Лирамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында өңірлік және халықаралық қауіпсіздік, Африка Одағы аясындағы Қазақстан-Эфиопия ынтымақтастығы мәселелерінің кең ауқымы талқыланды. Халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл, жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық танытатын мәселелерді ілгерілету мақсатында Африкалық Одақ шеңберінде тығыз өзара іс-қимыл жасауға уағдаласты.