
2023 жылғы 4 шілде, Аддис-Абеба – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР-дың Африка Одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Эфиопия Сыртқы істер министрлігі Африка департаментінің директоры Ф.Шаульмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымын, халықаралық және өңірлік ұйымдар, соның ішінде Африка Одағы шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Елші сұхбаттасушыны Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздікті нығайту үшін үлес қосуға арналған биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық Агенттікті құру жөніндегі бастамасы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық танытатын мәселелер бойынша тығыз өзара іс-қимыл жасауға келісті.