
3 шілде 2023 жыл, Аддис-Абеба. - Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшісі Барлыбай Садықов 2023 жылғы 5-10 маусым аралығында Қазақстан Республикасына іскерлік мақсаттармен барған эфиопиялық бизнесмендермен кездесті. Іскерлік кездесу Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен одан әрі ынтымақтасу мәселелеріне арналды.
Делегацияның Астанаға сапарының қорытындысы бойынша Эфиопия изнесмендері Қазақстанға жасыл кофе жеткізуге, эфиопиялық кофе мен қаптаманы өңдеуге, құрылыс машиналары мен жабдықтар сатып алуға, Эфиопияға күнбағыс майын импорттауға, премиум сапалы эфиопиялық кофе өндіру Орталығын және қазақстандық кәсіпкерлермен бірлескен кәсіпорын құруға ниет білдірді.
Сапар аясында ү.ж. 6-7 маусымда Эфиопиялық делегация құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру, агроөнеркәсіп кешені, кабель өндірісі, электротехника, кофе импорты, ет экспорты, халықаралық логистикалық қызмет көрсету, дәнді дақылдар, майлы дақылдар, бұршақ дақылдары, өсімдік майлары экспорты, ІТ-қызметтер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, туризм және т.б. салаларда бизнес құруға мүдделі Қазақстанның 26-дан астам компаниясымен келіссөздер жүргізді.
8-9 маусымда Эфиопия делегациясы Астана халықаралық форумына қатысты.