Эфиопия Қазақстанға кофе экспорттауға мүдделі

Эфиопия Қазақстанға кофе экспорттауға мүдделі

2 шілде 2023 жыл, Аддис-Абеба. - Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшісі Барлыбай Садықов Израиль мен Сауд Арабиясына кофе (шикі, қуырылған және қапталған, соя, күнжіт) мен ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушы “Dami International PLC” компаниясының басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында «Dami International PLC» басшылығы Қазақстанмен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін талқылады. Компания Эфиопияның ауыл шаруашылығы өнімдерін Қазақстанға және Орталық Азия елдеріне экспорттау үшін қазақстандық нарыққа шығуға мүдделі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға және Эфиопия компаниясы делегациясының Қазақстанға 2023 жылғы екінші жартыжылдыққа сапарын ұйымдастыруға келісті.