“Afei Holding Ltd” компаниясының басшылығымен кездесу туралы

“Afei Holding Ltd” компаниясының басшылығымен кездесу туралы

2023 жылғы 1 шілде, Аддис-Абеба – Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшісі Барлыбай Садықов «Afei Holding Ltd» компаниясының басшысы, доктор Ван Джианхуамен кездесті.

 «Afei Holding Ltd» компаниясы медицина және медициналық қызмет көрсету саласына маманданған. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, атап айтқанда Қазақстанның медицина саласына «Afei Holding Ltd» компаниясының тікелей шетелдік инвестицияларын тарту мәселесі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жақын арада ынтымақтастықты жалғастыруға және компания делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға келісті.

Анықтама: “Afei Holding Ltd” компаниясы Аддис-Абеба қаласындағы (Эфиопия) “Addis Ababa Silk road General Hospital”  ауруханасының иесі. Аурухана 2017 жылы AFEI холдингінің «Бір белдеу, бір жол» бастамасына сәйкес салынды. Қазіргі заманғы аурухана Қытай мен Африка арасындағы мықты достықты нығайтуға және Африкадағы денсаулық сақтау саласын жақсарту үшін инновациялар мен тәжірибені нығайтуға бағытталған.