ҚР СІМ-де Қазақстан-Эфиопия қатынастарының перспективалары талқыланды

ҚР СІМ-де Қазақстан-Эфиопия қатынастарының перспективалары талқыланды

Астана, 2023 жылғы 9 маусым - ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Асқар Шоқыбаев Түркияның Анкара қаласында тұрақты орналасуымен Эфиопияның Қазақстандағы Елшісінің орынбасары, Елші Мулие Тарекен Эдлиемен кездесу өткізді.

Танысу форматында өткен кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Эфиопия ынтымақтастығының екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, тараптар саяси ынтымақтастықты жоғары бағалады және 2023 жылы саяси консультациялардың екінші кезеңін өткізу жоспарларын атап өтті. Өзара сауда мен инвестицияларды ұлғайту мақсатында тараптар екіжақты жұмыс тобын құру мүмкіндігін қарастырды, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге келісті. Екі елдің халықаралық аренада өзара
іс-қимылының табысты тәжірибесіне оң баға берілді

Жалпы, тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.