
Астана, 2023 жылғы 9 маусым – Эфиопияның бұрынғы Президенті Мулату Тешоме әлемнің 70 елінен мыңнан астам сарапшылар мен делегацияларды жинаған Астана халықаралық форумына қатысты.
Пленарлық сессия біткен соң «Эфиопияның бұрынғы Президенті Мулату Тешомемен диалог» атты Арнайы панельдік сессиясы өтті. М.Тешоме «Панафриканизм және Африканың жаһандық сын-қатерлерді шешудегі өсіп келе жатқан рөлі» тақырыбы бойынша сөз сөйледі. Сессия барысында ол Африка істері туралы пікірімен және терең түсінігімен, Африка континенті үшін біріктіруші идеология ретінде Пан-африкализмнің тарихи маңызы мен қазіргі өзектілігі туралы көзқарастарымен бөлісті. Эфиопияның бұрынғы президенті сонымен қатар журналистердің Африканың маңызды жаһандық сын-қатерлерді шешудегі жаңа рөліне, климаттың өзгеруі, экономикалық теңсіздік, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрақты даму мәселелерін шешу жолдарына қатысты сұрақтарына жауап берді.
Форум аясында Эфиопия делегациясы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринмен екіжақты кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында Министр Қазақстан мен Эфиопия ынтымақтастығының пайдаланылмаған сауда-экономикалық әлеуетін атап өтті. Екі елдің экономикасы бір-бірін толықтырады, екі ел де теңізге шыға алмайтын ең ірі елдер болып саналады және ашық теңіздерден географиялық қашықтықты өтеу үшін транзиттік әлеуетін пайдалануға тырысады. Соңғы жылдары өзара сауданың тұрақты өсуі байқалды және Эфиопия делегациясының бизнес миссиясымен бұл келуі экономикалық өзара іс-қимыл қарқынын арттыруға түрткі болуы мүмкін.
Эфиопия делегациясының мүшелері жылы қабылдау үшін алғыстарын білдіріп, әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде Африкадан келген сарапшыларға жаһандық алаң ұсынған форумның жоғары ұйымдастырылуын атап өтті, бұл форумның Астанадағы жұмысын инклюзивті және бүкіл әлем үшін пайдалы етті. Олар Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге үлкен қызығушылық танытты. Осы тұрғыда Астанада өткен форум қарсаңында қазақстандық бизнеспен өткізілген кездесулер бизнес деңгейінде іскерлік ынтымақтастықты дамыту үшін жақсы бастама берді.
Жалпы, тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілікті атап өтті және осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.
Қазақстан мәдениетімен танысу бөлігінде Эфиопия делегациясы Астана Операдағы Қазақстан өнер қайраткерлерінің Гала-концертіне қатысты.