Астана, 2023 жылғы 7 маусым – Эфиопияның бұрынғы Президенті, Инвестициялар және нетворкинг орталығының төрағасы М.Тешоме басқаратын Эфиопия делегациясы Қазақстанға Астана Халықаралық Форумына қатысу және бизнес кездесулер өткізу үшін келді.
Сапар бағдарламасы аясында Эфиопия делегациясы Астана халықаралық қаржы орталығына (AIFC) барды. AIFC басқарушысы Р.Бектуров өз қызметін AIFC аумағында тіркеуді жоспарлап отырған компанияларға ұсынылатын орталықтың мүмкіндіктерімен таныстырды. Эфиопия делегациясы мүшелерінің пікірінше, AIFC Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің аумағында инвестициялық қызметті жүргізу үшін сервис пен құқықтық қорғаудың жоғары деңгейі бар жақсы алаң болып табылады.
Сонымен қатар, делегация Орталық Азиядағы ең ірі «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар хабымен танысып өтті. Басқарушы директор Ж.Махметов технопарк аумағы бойынша экскурсия жүргізіп, Astana Hub аумағында іске асырылған ақпараттық технологиялар саласындағы жобалармен, сондай-ақ ағымдағы әзірлемелермен таныстырды. Эфиопия делегациясының мүшелері технопарк аумағында ұсынылған компаниялармен ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытты және Astana Hub жұмыс тәжірибесін зерделеуді жоспарлап отыр.
Ертең Эфиопия делегациясы Астана халықаралық форумының ашылуына және Эфиопияның бұрынғы Президенті М.Тешомемен Арнайы панельдік сессияға қатысады.
Photo credit: AIFC, Astana IT Hub