
Астана, 2023 жылғы 7 маусым – Металлургиядан ауыл шаруашылығына дейінгі салалардың кең спектрін ұсынатын эфиопиялық бизнесмендерінің қазақстандық компаниялармен кездесулері барысында сауданы дамыту және бірлескен өндірістер құру талқыланды.
Бүгін Астанада тәмамдалған екі күндік кездесулер барысында эфиопиялық бизнес Эфиопиямен құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру, агроөнеркәсіптік кешен, кабельдер, электротехника өндірісі, кофе импорты, ет экспорты, халықаралық логистикалық қызметтер, дәнді дақылдар, күнбағыс майы, бұршақ дақылдары және өсімдіктер экспорты, IT қызметтер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, туризм және т.б. салаларында бизнесті жолға қоюға мүдделі Қазақстанның 26-дан астам компаниясымен келіссөздер жүргізді.
Бұл жоғары деңгейдегі Эфиопия делегациясының іскерлік миссиямен екіжақты қарым-қатынас тарихындағы алғашқы сапары. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады. Келіссөздер мүдделі компаниялар арасындағы кездесулердің B2B форматында жалғасты.
Әлемнің теңізге шықпайтын екі ең ірі елі – Қазақстан мен Эфиопияны байланыстыру үшін тауарларды жеткізудің өзара тізбегін құру логистикасы мәселесін зерделеу де маңызды болды.
«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «Kazakh Invest», «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ және Қазақстанның сыртқы сауда палатасы секілді қазақстандық сауда және инвестицияларды ілгерілету институттарының өкілдері қазақстандық экспорт пен импортты қолдау және сақтандыру құралдары туралы айтып берді, және сауда-инвестициялық мәмілелерді пысықтауда өз қызметін ұсынды.
«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының деректері бойынша тек өңделген қазақстандық өнімнің Эфиопияға экспорттық әлеуеті кемінде 117 млн. АҚШ долларын құрайды.
Сонымен қатар, эфиопиялық бизнесмендері делегациясы Астана - Еркін Сауда Аймағында болып, шетелдік қатысумен бірлескен кәсіпорындар атынан өкілдік ететін бірқатар компаниялардың тауарларын өндірумен танысты.
Жалпы, эфиопиялық бизнесмендер Қазақстанмен экономикалық байланыстарды дамытуға үлкен қызығушылық танытып, екіжақты келіссөздерді өз деңгейінде жалғастыру жоспарларын белгіледі.
Ендіше Эфиопияның бұрынғы Президенті, Инвестициялар және нетворкинг орталығы басқармасының төрағасы М.Тешоме басқаратын Эфиопия делегациясы ағымдағы жылдың 8-9 маусымында Астана Халықаралық форумына қатысуды жоспарлап отыр.
Photo credit: kazakhinvest, qaztrade, kazakhexport, atameken