
Аддис-Абеба, 2023 жылғы 3 маусым – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Б.Садықов Эфиопияның Сауда және өңірлік интеграция министрі Г.Чаламен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Эфиопия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері, сондай-ақ Г.Чаланың ағымдағы жылғы 8-9 маусымда Астана қаласындағы Халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға сапары барысында экономикалық байланыстарды жолға қою перспективалары талқыланды.
Сондай-ақ, Елші Эфиопияның ірі бизнес делегациясының форумға қатысуы және ҚР сауда және инвестицияларды дамыту министрліктері мен институттарында жоспарланған кездесулер туралы, қазақстандық бизнес екіжақты кездесулерге шақырылғаны туралы хабардар етті.
Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың үлкен әлеуетін атап өтіп, оны іске асыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.