Қазақстанның Тұрақты өкілі Африкадағы терроризм мен экстремизмге қарсы күрес бойынша семинарға қатысты

Қазақстанның Тұрақты өкілі Африкадағы терроризм мен экстремизмге қарсы күрес бойынша семинарға қатысты

Аддис-Абеба, 2023 жылғы 11 мамыр – Қазақстан Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Африка одағы комиссиясының штаб-пәтерінде өткен Африкадағы терроризмге қарсы күрес мәселелеріне арналған халықаралық семинарға қатысты.

Іс-шараға Африка одағының Бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комиссары Банколе Адеойе, БҰҰ Терроризмге қарсы күрес басқармасы Бас хатшысының орынбасары Р.Грегорян, Африка одағы жанындағы БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі П.Онанга, Африка терроризмді зерттеу орталығы (ACSRT) директорының міндетін атқарушы И.Лаллали,
АО-ға мүше елдерінің, бақылаушы елдерінің, оның ішінде ЕО-елдерінің өкілдері қатысты.

Семинар барысында сарапшылар елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, олардың 2030 жылғы орнықты даму мақсаттарына және Африканың 2063 жылға дейінгі күн тәртібіне қол жеткізуіне кедергі келтіретін континенттегі терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизмінің өсіп келе жатқан қатерін атап өтті.

Сарапшылар соңғы онжылдықтағы Африкадағы терроризмнің негізгі тенденциялары мен модельдерін анықтады, 1999 жылдан бастап құрылған терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизміне ұжымдық қарсы тұруға бағытталған Африка одағы шеңберіндегі құқықтық және институционалдық тетіктердің сабақтар мен озық тәжірибелер алу, кедергілерді жою және терроризмге қарсы күресте одан әрі континенттік іс-қимылдар бойынша ұсыныстар беру мақсатында қызметінің тиімділігіне баға берді.

Жалпы, сарапшылар Африка елдеріндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінің даму проблемаларымен өзара байланыстылығын ескере отырып, терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизм қатерлерінің түпкі себептерін жоюға бағытталған саяси және әлеуметтік-экономикалық даму стратегияларымен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қатаң тәсілдерін толықтыра отырып, Африкада бұрын қабылданған саяси құралдарды қайта қарау қажеттігін атап өтті. Қатысушылар сонымен қатар терроризмге алдын алу тәсілін қабылдауды, ұлттық стратегияларды тез өзгеретін жағдайларға бейімдеу үшін ұжымдық іс-қимылдар мен серіктестіктерді ынталандыруды жақтады.

Анықтама: 2007 жылғы 1% - бен салыстырғанда 2022 жылы әлемдік санның 43% Африкада терроризмнен қайтыс болғандар санының ең көп өсуі тіркелді. Сахел аймағы терроризмнің ошағына айналуда, 2022 жылы терроризмнен ең көп зардап шеккен 10 елдің 4-еуі Африканың осы аймағында болды.

Бұған дейін 1999 жылы Африка одағы шеңберінде терроризмнің алдын алу және оған қарсы күрес туралы Алжир конвенциясы және оған 2004 жылғы тиісті Хаттама, Африка одағының терроризмнің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 2002 жылғы Іс-қимыл жоспары қабылданды, 2010 жылы терроризмге қарсы күрестегі ынтымақтастық жөніндегі АС арнайы өкілі тағайындалды, 2022 жылғы мамыр айында соңғы 20 жылда алғаш рет Малабода терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизм мәселелерін талқылау үшін Африка одағының кезектен тыс Саммиті өтті.

Пан-Африка деңгейіндегі терроризм мәселелерімен келесі құрылымдар айналысады: Африканың терроризмді зерттеу орталығы (ACSRT), Африканың барлау және қауіпсіздік қызметтері комитеті (CISSA), Африканың полиция ынтымақтастығы механизмі (AFRIPOL), сондай-ақ  PSC терроризм жөніндегі кіші комитеті.