Қазақстан Елшісі Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына арналған семинарға қатысты

Қазақстан Елшісі Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына арналған семинарға қатысты

Аддис-Абеба, 2023 жылғы 5 мамыр - Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Б.Садықов Әзербайжанның Тұңғыш Президенті Гейдар Әлиевтің 100 жылдығын мерекелеуге арналған семинарға қатысты.

Елші өз құттықтау сөзінде Әзербайжанның Тұңғыш Президентінің екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін атап өтті. Ол бауырлас екі елдің стратегиялық қарым-қатынасы терең тарихи және мәдени байланыстарға негізделгенін еске салды. Елшінің айтуынша, қазіргі уақытта екі елді тығыз саяси қатынастар мен дамыған сауда байланыстар біріктіреді.

Қазақстан Елшісі Әзербайжан халқына бейбітшілік пен өркендеу, сондай-ақ Елшілік ұжымына қойылған міндеттерді іске асыруда табыс тіледі.