Елшінің Эфиопиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті зерттеу институтының жаңа директорымен кездесуінде ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Елшінің Эфиопиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті зерттеу институтының жаңа директорымен кездесуінде ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Аддис-Абеба, 2023 жылғы 3 мамыр – Халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша сарапшылармен пікір алмасу Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі жұмысының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Елші Барлыбай Садықовтың Эфиопияның бейбітшілік пен қауіпсіздікті зерттеу институтының жаңа директоры Фана Гебресенбетпен кездесуі өзекті халықаралық мәселелерді талқылауға арналды.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты ол Африка елдерімен өзара тиімді екіжақты және көпжақты қатынастарды құруда ұстанымдарды жақсы түсінуге және байланыс нүктелерін анықтау болады.

Елші Б.Садықов жалпыұлттық бірлік саясатының, елімізде жүргізіліп жатқан демократиялық реформалардың маңыздылығы және Қазақстан қоғамындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдаудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ерекше рөлі туралы хабардар етті.

Ф.Гебресенбет Қазақстанның соңғы жылдардағы саяси және экономикалық жүйелерді жаңғыртудағы жетістіктерін жоғары бағалады және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және пікір алмасуға қызығушылық білдірді.

Анықтама: Аддис-Абеба университетінің Бейбітшілік пен қауіпсіздікті зерттеу институты (IPSS) 2007 жылдан бері жұмыс істейді және Эфиопияның жетекші талдау орталығы болып табылады. Оның қызметі Африка елдеріндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бойынша ұсыныстарды зерттеуге және әзірлеуге бағытталған.