Эфиопия, Сомали, Джибути және Конго Республикасының өкілдерімен консулдық мәселелер бойынша кездесулер

Эфиопия, Сомали, Джибути және Конго Республикасының  өкілдерімен консулдық мәселелер бойынша кездесулер

Аддис-Абеба, 2023 жылғы 18 сәуір – ҚР Эфиопиядағы Елшілігінің консулы Б.Адуов Эфиопия СІМ Таяу Шығыс, Азия, Тынық мұхиты департаментінің бастығы К.Хайлемариаммен, Джибути Республикасы Елшілігінің бірінші кеңесшісі М.Дж.Алимен; Конго Республикасы Елшілігінің кеңесшісі Э.С.Мобимен және Консул Л.Масакамен, Сомали Елшілігінің уақытша сенімді өкілі А.А.Аилмен кездесулер өткізді.

Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастық және консулдық саладағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар аталған бағыттағы бірлескен жұмысты жандандыруға келісті.