
Аддис-Абеба, 2023 жылғы 17 сәуір – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Эфиопиядағы Инвестициялар және нетворкинг орталығына барып, орталықтың негізін қалаушы және директоры, Эфиопияның бұрынғы Президенті доктор Мулату Тешоме Виртумен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың перспективаларын, сондай-ақ ү.ж. 8-9 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына М. Тешоме мен Эфиопия бизнесмендер тобының қатысуын талқылады. Елші Эфиопия Қазақстанның Африкадағы маңызды серіктесі болып табылатынын және екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты арттыру үшін айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.
М.Тешоме Мемлекет басшысын президент лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, Қазақстанмен екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды ілгерілетуге қызығушылық білдірді.
Жалпы, тараптар осы бағытта бірлескен жұмысты жандандыруға келісті.