
Аддис-Абеба, 2023 жылғы 19 наурыз – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігіндегі № 423 сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері дауыстарды санауға кірісті.
Қазақстан азаматтары белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті және комиссияның мәліметінше, № 423 учаскеде келу деңгейі 100% құрғаны белгілі.
Комиссия бюллетеньдерді есептеп, нәтижелері дауыс берудің қорытынды Хаттамасына енгізген соң дауыс беру қорытындыларын жариялайды.
12 сағат ішінде бұл хаттама жоғары тұрған сайлау комиссиясына жіберіледі, ал көшірмесі екі күн ішінде № 423 сайлау учаскесінде қолжетімді жерде ілінеді.