Қазақстан азаматтары Аддис-Абеба қ. сайлау учаскесінде Парламент Мәжілісіне сайлауда дауыс беруде

Қазақстан азаматтары Аддис-Абеба қ. сайлау учаскесінде  Парламент Мәжілісіне сайлауда дауыс беруде

Аддис-Абеба, 2023 жылғы 19 наурыз – Африка елдерінде уақытша немесе тұрақты тұратын ҚР азаматтары Аддис-Абеба қаласында Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі жанында орналасқан № 423 сайлау учаскесінде ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлауда дауыс беруде.

ҚР азаматтары Аддис-Абеба қаласындағы учаскеге еліміздің демократиялық дамуына тікелей азаматтық қатысу үшін өзінің конституциялық құқығын пайдалану үшін келуде.

Дауыс беруге 18 жасқа толған ел азаматтары құқылы. Сайлаушы комиссия мүшелеріне Қазақстан Республикасы азаматының қолданыстағы паспортын ұсынуға тиіс.