Эфиопияда ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлауда дауыс беру үшін сайлау учаскесі ашылды

Эфиопияда ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлауда  дауыс беру үшін сайлау учаскесі ашылды

Аддис-Абеба, 2023 жылғы 19 наурыз – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігінде, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілдігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне кезектен тыс сайлауда дауыс беру өткізу жөніндегі № 423 сайлау учаскесі ашылды.

Эфиопия, Бурунди, Конго Демократиялық Республикасы, Джибути, Кения, Конго Республикасы, Руанда, Сомали, Сан-Томе және Принсипи, Сейшел аралдары, Уганда, Орталық Африка Республикасы, Эритрея, Оңтүстік Судан секілді Шығыс және Орталық Африка елдерінде тұратын Қазақстан азаматтарына алғаш рет аймақтан шықпай-ақ Қазақстанның Эфиопиядағы Аддис-Абеба қаласындағы Елшілігіндегі сайлауда дауыс беруге мүмкіндік берілді.

№ 423 учаскенің Сайлау комиссиясы жұмысын таңғы сағат 07:00-де бастады және жергілікті уақытпен кешкі сағат 20:00-де дауыс беруді аяқтайды.