
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2023 жылғы 19 наурызда (жергілікті уақытпен 07.00-ден 20.00-ге дейін) № 423 сайлау учаскесінде ҚР Эфиопиядағы Елшілігінің жанындағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттардың мерзімінен бұрын сайлауында дауыс беру өтеді.
Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар. Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.
ҚР Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 423 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне Бурунди, Джибути, Конго ДР, Конго Республикасы, Кения, Сомали, Руанда, Уганда, Оңтүстік Судан, Сан-Томе және Принсипи, Сейшел аралдары, ОАР, Эритрея, Эфиопияда уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Бурунди, Джибути, Конго ДР, Конго Республикасы, Кения, Сомали, Руанда, Уганда, Оңтүстік Судан, Сан-Томе және Принсипи, Сейшел аралдары, ОАР, Эритрея, Эфиопия аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді:
- Аты-жөні,
- туған жылы мен күні,
- ЖСН,
- тұратын мекенжайы,
- байланыс телефон
kazembethiopia@gmail.com немесе visa-addis@mfa.kz электрондық мекенжайға «Сайлау-2023» белгісімен алдын ала жіберу қажет.
Дауыс беру күні өзімен бірге қолданыстағы паспорт немесе Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі болуы қажет.
Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша № 423 учаскенің телефон нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:
+ 251 945 051 624
+251 965 006 195
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Құқықтық сауаттылық танытуға және сайлауға қатысуға өзінің конституциялық құқығын іске асыруға шақырамыз!
Өзіңізді сайлаушылар тізіміне қосу үшін қажетті заңды маңызды әрекеттерді уақтылы қабылдаңыз!
Алдағы сайлау туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтында қолжетімді (www.election.gov.kz).