
Аддис-Абеба, 2023 жылғы 01 ақпан - Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Эфиопиядағы Инвестициялар және нетворкинг орталығының атқарушы директоры Лемма Дегефамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ 2023 жылы Қазақстан мен Эфиопияның мүдделі компаниялары арасындағы кездесулерді ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылады.
Тараптар осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға келісті.