Елші Эфиопиядағы Инвестициялар және нетворкинг орталығына барды

Елші Эфиопиядағы Инвестициялар және нетворкинг орталығына барды

Аддис-Абеба, 2022 жылғы 23 желтоқсан – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Эфиопиядағы Инвестициялар және нетворкинг орталығына барып, орталықтың негізін қалаушы және директоры, Эфиопияның бұрынғы Президенті доктор Мулату Тешоме Виртумен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың жай-күйін талқылады. Елші Эфиопия Қазақстанның Африкадағы маңызды серіктесі болып табылатынын және екі елдің де өзара қызығушылық тудыратын сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты арттыру үшін айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.

М.Тешоме Мемлекет басшысын президент лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, Қазақстанмен екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды ілгерілетуге қызығушылық білдірді.

Жалпы, тараптар осы бағытта бірлескен жұмысты жандандыруға келісті.