2020 ж. 11 наурызда Қазақстан Республикасының ЭФДР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Садықов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Африка Экономикалық Комиссиясының (ECA) Атқарушы хатшысы Вера Сонгве ханыммен кездесті.

Елші Б.Садықов Қазақстанның сыртқы саясатының жаңа тұжырымдамасымен, оның ішінде БҰҰ және Африка елдерімен ынтымақтастықтың басымдықтарымен таныстырды. Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ Африканың дамушы елдерінің мүдделерін ілгерілетудің маңыздылығы атап өтті. Қазақстан БҰҰ шеңберіндегі Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдер тобының төрағасы ретінде аталмыш тақырыпта бірқатар шараларды, оның ішінде Аддис-Абеба қаласында да, өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Африка Экономикалық Комиссиясының Атқарушы хатшысы В. Сонгве Қазақстанмен бірқатар басымдықтар, оның ішінде Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдердің мәселелері бойынша тығыз жұмыс істеуге дайындығын білдірді.

Тараптар одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты.