Елші Эфиопия Парламентінің депутаттарымен кездесті

Елші Эфиопия Парламентінің депутаттарымен кездесті

Аддис-Абеба, 2022 жылғы 9 желтоқсан - Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Эфиопия Парламентінің Халықаралық ынтымақтастық, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы доктор Дима Ногго Сарбомен, сондай-ақ Эфиопия Парламентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің басшысы Елші Тауфик Ахмедпен кездесу өткізді.

Тараптар а.ж. 28 қарашада Қазақстан мен Эфиопия парламенттерінде Достық тобы депутаттарының бірінші парламентаралық кездесуінің сәтті өткізілгенін атап өтті, сондай-ақ келесі жылы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.