METEK корпорациясының басшылығымен кездесу

METEK корпорациясының басшылығымен кездесу

Аддис-Абеба, 2022 жылғы 8 желтоқсан - Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, Африка Одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов эфиопиялық "METEC" компаниясының бас директоры Мисгану Аргамен кездесу өткізді.

Әңгіме барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар осы бағыттағы өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

 

Анықтама: METEC (Metals and Engineering Corporation) – әскери техника мен азаматтық өнімдерді өндіретін ірі мемлекеттік әскери-өнеркәсіптік кешен. 2020 жылы корпорация әскери және азаматтық корпорацияға бөлінді. 

Ethio-Engineering Group (EEG) азаматтық корпорациясы - автомобиль өнімдерін, ауылшаруашылық техникасын, құрылыс техникасын, энергетикалық және электронды жабдықтарды, металл және металл бұйымдарын, сондай-ақ пластмасса мен полимер бұйымдарын өндірумен және сатумен айналысады. Қазіргі уақытта елдің әр түкпірінде өзінің өндірістік қуаты бар тоғыз еншілес компаниясы қызмет жасайды.