Диалог, зерттеу және ынтымақтастық орталығы басшылығымен кездесу

Диалог, зерттеу және ынтымақтастық орталығы басшылығымен кездесу

Аддис-Абеба, 2022 жылғы 7 желтоқсан – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Эфиопияның Диалог, зерттеулер және ынтымақтастық орталығы (CDRC) басшылығымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Эфиопия арасындағы екіжақты қатынастардың жай-күйі мен перспективалары туралы пікір алмасты. Елші Эфиопияның жетекші талдау орталықтары бірінің өкілдерін Қазақстандағы конституциялық, саяси және экономикалық реформалардың барысы туралы, сондай-ақ еліміздегі кезектен тыс президенттік сайлаудың нәтижелері жөнінде хабардар етті.

Институт басшылығы өз тарапынан Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға беріп, ел азаматтарын сәтті өткізілген сайлаумен құттықтады.

Қазақстан Елшісі Қазақстан мен Эфиопия арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін елші Текеда Алемуге ерекше алғысын білдірді.

 Анықтама: CDRC тәуелсіз коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның қызметі Эфиопияның саяси және экономикалық даму мәселелерін, оның шет мемлекеттермен қарым-қатынасын, сондай-ақ аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерін зерттеуге бағытталған.