
Аддис-Абеба, 2022 жылғы 6 желтоқсан – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, Африка Одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Аддис-Абеба Сауда-өнеркәсіп палатасы Бас хатшысының орынбасары Зекариас Ассефа мырзамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар 2022 жылғы 8 қарашада «Қазақстан мен Эфиопия арасындағы сауда мен инвестицияларға жәрдемдесу» тақырыбында өткен семинардың қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыру жоспарларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2023 жылы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және бизнес миссияларды ұйымдастыруға бағытталған күш-жігерін үйлестіру туралы келісті.