Қазақстан Елшісі БҰҰ құрылымдары аясындағы Қазақстан-Эфиопия ынтымақтастығы мәселелерін талқылады

Қазақстан Елшісі БҰҰ құрылымдары аясындағы Қазақстан-Эфиопия ынтымақтастығы мәселелерін талқылады

Аддис-Абеба, 2022 жылғы 29 қараша – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Африка Одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов Эфиопия СІМ халықаралық ұйымдар департаменті директорының міндетін атқарушы Вегайеху Ярегамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі Қазақстан-Эфиопия ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Эфиопияның көпжақты ынтымақтастығы аясындағы өзара қолдауға ерекше назар аударылды.