Қазақстан Елшісі Эфиопияның СІМ-де кездесу өткізді

Қазақстан Елшісі Эфиопияның СІМ-де кездесу өткізді

Аддис-Абеба, 2022 жылғы 23 қараша – Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Эфиопия СІМ Орта Шығыс, Азия және Тынық мұхит елдері істері жөніндегі департаментінің бас директоры Гебееху Гангамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Г.Ганга Қазақстанды өткен кезектен тыс президенттік сайлаумен құттықтап, Президент Қ.Қ. Тоқаевтың саяси және экономикалық реформаларын іске асыруда табыс тіледі.

Сонымен қатар, тараптар екіжақты қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.